15.02.2024
Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек»
🔗Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі білуі қажет:
🔖Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
🔖Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме.
🔖Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
🔖Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт.
🔖Интернет желісінде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.
🔗Әрқашан «ЖОҚ» деп жауап бер:
🔖Егер сені тіпті көршілер болсада қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
🔖Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса, Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айту керек.
🔖Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
🔖Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт.
🔖Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақыт қаша тастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр (мысалы: портфель, аяқ киім салынған сөмке немесе жайғана біруы сұсақ-түйек). Адамдар көп жерге қарайқаш.
🔖Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аударту үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!»деп қатты дауыстап айқайла.
🔖Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақты мекен жайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт.