Өрт қауіпсіздігі айлығының өткізген мәтіндік есеп.
2019-2020 оқу жылы
Қаңтардың 24-і мен ақпанның 24-сі аралығында Қызылегіс негізгі мектебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты айлығы өтіп жатыр. Бірінші күні, қаңтардың 24-і, таңғы сапқа тұру кезінде айлығы ашылып, тәрбие ісінің меңгерушісі Мукашева Б.М. оқушыларды жоспарымен таныстырды. Қаңтардың 27-сі күні, 0-4 сыныптарында Аскарова Д.С.«Сіреңкемен ойнама, балақай!» тақырыбы бойынша ашық сынып сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.
2) Сөйлеу тілін, ойлау дағдысын, дүниетанымын кеңейту.
3) Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға тәрбиелеу.
Қаңтардың 29-і, 5-9 сынып аралығында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Өрт кезіндегі қызмет пен іс-әрекеттер ережелері» атты әңгімелер өткізілді.
Мақсаты:
Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
Ой-өрісін, дүниетанымын дамыту;
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.