Тақырыбы: Мамандық таңдау маңызды іс
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық
белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы
білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру;
- Кәсіптік бағдар беру;
- Кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және т.б.
Сабақ түрі: тренинг.
Тренингке қатысушылар: 9 сынып оқушылары.
Тренинг ережелері:
1. Сыйластық; 2. Тыңдай білу; 3. Сөзді бөлмеу; 4. Белсенділік таныту; 5. Шығармашылық; 6. Төзімділік; 7. Түсіністік қарым-қатынас.
Көрнекілігі: ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалар, доп, түрлі түсті парақтар, ақ ватман.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстар, психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар.
Сабақ барысы:
1. «Танысу» жаттығуы. Шарты: кез келген оқушыға бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді.
2. Негізгі бөлім. Кіріспе.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалу, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т.б.
Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам