Текст
"Зеренді ауданының білім бөлімі" ММ 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін АӘБ педагог-психологтарының отырысы онлайн өткізілді. Отырыста педагогтардың, білім алушылардың және олардың ата-аналарының психологиялық жай-ахуалы туралы маңызды сұрақтар талқыланды. Осы отырысқа мектебімізден педагог-психолог Кожмагамбетова Жулдызай Тулегеновна қатысты.