Текст
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!ІІ жүргізуші: Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!І жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!