"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

29.11.2019

ЖҚТБ- әлемдік індет.

Тарбие сағатының мақсаты:

Бiлiмдiлiк: ЖҚТБ дертi жайлы уғым беру. Шылым шегудiң, iшiмдiктiң, нашакорлықтың, ЖҚТБ-ның адам ағзасына зиянды әсерлерiн накты ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың адам кұндылығының дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Салауатты өмiр негiзiнде бiлiмдерiн жетiлдiру.

Тәрбиелiк: ЖҚТБ-ньң адам өмiрiне зиянды әсерi аркылы, сана-сезiмдерiн тәрбиелеу жане салауатты өмiрсүруге азаматтың жауапкершiлiктерiн орнықтыру. Рухани деңгейде жағымсыз iс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру формасы: Салтанатты жиын.

Сабақтын көрнекiлiгi: Газет, журнал материалдары, фото-альбом және әр түрлi мазмұнды плакаттар мен суреттер, реферат жұмыстары, қажеттi әдебиеттер, “Слайд- шоу”, бейнематериал.

Жүргiзушi: Қайырлы күн, құрметтi конференция қонақтары!
1 желтоксан “Халықаралық ЖҚТБ-мен курес” күнiне арналган “ЖҚТБ - ӘЛЕМДIК IНДЕТ” атты салтанатты жиынға қош келдiңiздер!

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев “Халық денсаулығы” атты Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттiң бiрiншi кезендегi атқаратын шараларының бiрi екендiгiн атап көрсеткенi баршамызға мәлiм. Қазақстан азаматтарыньң денсаулығына әсер ететiн барлық факторлар жан-жақты қарастырылған бұл бағдарламаның басты мұраты — халықтың денсаулығын сақтау, демографиялык ахуалды жаксарту.

Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабiлетiн дамыту мәселелерiне тiкелей қатысы бар маңызды еңбектерiнде шығыстың әйгiлi ойшыл ғалымы әл - Фараби “Жасжеткiншектерiңiздi көрсетiңiз, мен сiздердiң болашақтарыңызды айтып берейiн” деген екен. Олай болса, бiздiң болашағымыз неге байланысты?

Жүргiзушi: Бүгiнгi таңда мемлекетiмiзге төнiп тұрған, салауатты өмiр суруге керi ыкпалын тигiзiп отырған, қоғамға кеңiнен таныс қауiптi дерт — ЖҚТБ құлашын кең жаюда.

Елбасының “Қазақстан-2030”, “Қазақстан халқына жолдауы” — бiздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ — жастардiкi. Сондықтан, олардың денi сау, бiлiмдi де тарбиелi азамат болуы — ел үшiн, халық үшiн, ұрпақ үшiн ең үлкен бақыт емес пе?!

Емделмейтiн ауру ЖҚТБ пайда болғалы 25 жылдан астам уакыт өттi. ХХI ғасырдың басында АҚТҚ жұқтырғандардың саны әлемде 40 миллионға жеттi. 21 миллионнан астам адам осы дерттен көз жұмды. Ал бiздiң елімiз — Қазақстан Республикасында ондайлардың саны 4 мыңға жуық.

ЖҚТБ ауруы 1981 жылы Африка құрлығының оңтүстiгiнде маймылдарға тәжiрибе жасап жүрген кезде, маймылдардан адамға жұкты деген деректер кездеседi. 1987 жылы бұл сұмдық дерт Қазақстанға жетiп үлгiрген. Елiмiзде бул аурулармен ауыратындардың 484,3 пайызы нашақорлар екен. 2003 жылы бiздiн елiмiзде 24 мектеп окушысы, 20 мектеп жасындағы қараусыз балалар, 65 студент АҚТҚ жұқпасымен тiркелiптi. Мұндай дертке шалдыққан адам шамамен 5-8 жыл ғана өмiр сүредi екен.

“Жаны саудың—тәнi сау” атты слайд керсетiледi.

ЖҚТБ кандай жолдармен жұғады?

- қан арқылы (тiкелей қан құйғанда, инелердi ауыстырмай бiрiгiп пайдаланганда);

- ауру ананың сүтi арқылы;

- ауру айелден туылған балаға;

- жыныстық жолмен жақындасқанда бiр адамнан екiншi адамға жұғады.

Аурудан қалай сақтанған жөн?

  • Шаныштыруға ние пайдаланғанда;
  • Қан құйғызғанда;
  • Бейберекет жыныстық жолмен жақындықа бармай, сақтанған дұрыс.

Нашакорльқтың қоғамға әкелетiн керi әсерi.

Экономикалық аспект: Наркологиялық және реабилитациялық орталықтарғ-а ңашакорларды емдеу үшiн жұмсалатын қаржы өте қомақты, соның салдарынан хальқтың өмiр сүру деңгейi төмендейдi.

Демографияльқ аспект: Әйел мен еркектiң арасындағы сәйкессiздiк қалыптасады. Осы құбылыстардың нәтижесiнде бала туылу нәтижесi төмендейдi, ал жалғыз басты айел адамдар мен толық емес отбасылар саны артады.

Моральдi аспект: Аз уақыт iшiнде тез құлдырауға ұшырайды.

Саяси аспект: Жалпы ұлттық көлемдегi проблема, ол мемлекет қауіпсiздiгiне де көп қауiп тудырады.

Медициналық аспект: Психологиялық және тән тәуелдiгi. Толеранттык есiрткiге үйрену.

Психологиялық аспект: Тұлғалык кейнінен айырылады. Ең басты қорғаушы- әркiмнiң мiнез-кұлқы, тәртiбi және тазалығы.

Сондай-ақ, өзiне-өзi сенiмдi болу. ЖҚТБ-мен ауыратындарды шеттетiп, кемсiту- адаiмгершiлiкке жат. Бұл аурудан ұрпағымызды аман алып қалудың жолы- адамгершiлiк, салауаттылық, жыныстық тәрбиеге аса мән беру. Жастарды кұндылыққа дәрiптеуiмiз керек.

Жүргiзушi: Мамандарга оқушылар көкейiндегi бiр сұрақ: Қазiргi таңда ЖҚТБ-дан сақтандыратын вакцина бар ма?

Дәрiгер: ЖҚТБ — бұл бойдағы қорғаныш қабiлетiнiң әбден әлсiреуiнен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйенi бұзатын және бүкiл аурулар қатерiне төтеп беретін мүмкiндiгі жоқ қалып. Қаэiргi кезде мұндай вакцина жоқ. Дегенмен, оны жасау жөнiнде дуние жузiнде көптеген елдердегi сан алуан зертханаларда оларды қауырт iздестiру жұмыстары және тәжiрибелер жүргiзiлуде. АҚТҚ жұқтырған адамдарды ЖҚТБ-ның дамуьнан сақтандыратын вакцина алу мақсатында жұмыстар жүргiзiлуде.

Жүргiзушi: Салауатты өмiрге керi ықпалын тигiзетiн тагы бiр iндет-  нашакорлық. Себебi, бұл ауруды адам баласы өзi қолдан жасайды. ЖҚТБ дертiне себешi болатындығы туралы да көп естимiз

Статист: Алматы каласында есiрткiлiк, психотропты және әсерi күштi басқа да заттарды медициналық емес мақсатқа пайдаланғаны үшiн 6000-нан астам адам есепте тұр. Мұның жартысы — жасөспiрiмдер. Мұндай қолдан жасалған сырқат- сол отбасылардың ғана емес, бүкiл коғамның қасiретi. Әрбiр нашақор кем дегеңде 10 адамды үйретедi. Олай болса, қоғамдағы әрбiр нашакордың дер кезiнде аныкталуы көптеген адамдардың өмiрiне араша түсуге мүмкiндiк беретiн және оның алдын алатын маңызды шара. Нашақорлыққа ауызданған баланың өзiн-өзi тежеуге шамасы келмей, есiн жия алмай, есiрткiнiң басыбайлы құлы болады.

 

 

“ХХI ғасырға тiлек” (Корiнiс)

Нашақор талықсыған күйде кiредi, ұйықтайды).

Бабалар өсиетi:

Жайлаган ел кетсе көл құлазиды,

Жайылған мал кетсе бел құлазиды.

Парқың кетсе сөз құлазиды,

Қатары кетсе ер құлазиды.

1 -перiште:

Уа, достым!

Ояншы, көзiнді ашшы.

Жұлдыз толы аспанға,

Көз салшы.

Жаман дерттен арылып,

Адамдықпен табыссаңшы.

Кем емес күлiмдеген күннiң көзi,

Халкымның нұрға толы жүзiн көрші.

Дамыған елу елдiң қатарына,

Енген күннiң куәгерi сен болшы.

2-перiште:

Уа, достым!

Ояншы, көзiнді ашшы.

Айналаға бiр қарашы.

 

Жаңа қоғам,

Жаңа адам.

Жаңа ғасыр,

Тiк көтерiп менi де бара жатыр.

ХХI ғасырда шарт жүгiнiп,

Айтсам деген тiлегiм санада тұр.

Мен адаммын,

Салауатты өмiр кешкен

Сенi де шақырамын бiрге көшке.

Елiмнiң көк байрағы,

Тiк кетерген.

3-перiште:

Адамдықтан безiп мен емес айды аңсаған.

Елден безiп,

Мен емес надандықты жайлаған.

Қара жерден үзiлсе,

Қайран табан,

Тiкенегiн жерiмнiң қайдан табам?!

Жаңа ғасыр.

Жаңа қоғам,

Жаңа адам.

Уа, достым ояншы, саған айтсам.

Жаман дерттен арылып,

Адамдыққа шақырам.

Сен адамсың,

Қайталап айта берем, айта берем.

Айналып қайта келем, қайта келем.

Жаңа ғасыр,

Жаңа күн,

Жаңа әлем.

Автор:

Уайым тубi- тұңғиық, батасың  да кетесiң,

Бабалар өсиетi:

Тәуекел түбi- жел қайық, өтесiң де кетесiң.

Тұр, ойлан, есiндi жи,

Әлi-ақ құрметтiкке жетерсiң.

Нашақор (оянады):

Мен, мен адаммын ғой,

Адасып бұл өмiрде қалғанмын ғой,

Жоқ, жоқ керек емес мұның бәрi,

Жаңа өмiрге қадам басамын ғой.

Мен емес пе, елiмнiң болашағы.

Мен емес пе елiмнiң қос қанаты,

Бiз емес пе Отанньң арқа сүйер,

Тiрек болар ер-Азаматы.

Жаңа ғасыр,

Жаңа қоғам,

Жаңа Адам.

Жаңа өмiрге, асқақтатып есiк ашам.

 

 

(Салауатты өмiрге нық қадам басқан азамат бейнесiнде сөзiн аяқтайды)

 

Жүргiзушi: Мамандарға оқушылар  тарапынан дайындалған тағы бір сұрак: Елiмiзде бiз сияқты салауатты өмiрге бастайтын қандай жоспарлар мен жүргiзiлген iстер бар?

Маман: Жастарды салауатты өмiр салтына қалыптастыру мәселесi- маңызды мiндеттердiң бiрi. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру бағытында республикамызда ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 18 мамырдағы “Халык, денсаулығы” атты мемлекеттiк бағдарламасы, ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы “Салауатты өмiр салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы т.б. Аталған құжаттарда басты назарда болған мәселенiң бiрi — жастар тәрбиесi, оның iшiнде коғамда салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемасы болатын.

Жүргiзушi: АҚТҚ/ЖҚТБ, нашакорлықтың т.б.  аурулардың болмауы үшiн қоғамымызда пайда болған келеңсiз дерттерге қарсы қандай игi iстер жургiзіледі?

Маман: Ең маңыздысы, салауаттылық адамның дүниеге келген сәтiнен басталады, оған бүкiл халықтық, бұқаралық сипат беруiмiз керек, оны үздiксiз, жүйелi мақсатпен жүргiзiп отыруымыз қажет. Оның уақытша ғана мәнi бар науқанға айналып кетуiне жол 6ермеуiміз шарт. Мiне, осыдан-ақ жастарды салауаттылыққа тәрбиелеу көкейкестi мәселе екендiгi түсiнiктi. Осы бағытты дұрыс ұстанғанда келеңсiз ауру-дерттерден арыламыз.

Жүргiзушi: ХХI ғасырда қогам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бiрге денсаулығы мықты, рухани дүниесi бай, жаны мең тәні кiршiксiз таза, ерекше тұлғалардан тұруы тиiс. Олай болса, осы келеңсiэ жағдайлардың  алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олардың жан-жакты дамуына қалыпты жағдай туғызуды көздейдi. Себебi, Қазақстан елiнiн экономикалық-әлеуметтiк жағдайының өрге басуы тек материалдық байлықты молайтуға ғана емес, сонымен бiрге сол игiлiктi iстi жүзеге асыратын адамдардың денсаулығы мен рухани өмiрiнiн салауаттылығына тiкелей байланысты. Сол үшiн де халқымызда: “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұлағатты сөздерi текке айтылмаған секiлдi. Н.Назарбаевтың “Жаңа әлемдегi — жаңа Қазақстан” жолдауының негiзгi факторларының бiрi “Көпұлтты Отанымыздың және көп конфессиялы қоғамымыздың, бiздiң балаларымыздың, жастардың тамаша келешегi бар екендiгiне сенімдімiн”, ал “Бәсекеге кабілетті Қазақстанның әлемдегi экономика мен қоғамдастыққа табысты кiрiгуiнің кiлтi — жастарда” деген болатын.

 

Просмотров: 1522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст