Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Денсаулық апталығы» акциясына орай өткізілген апталықтың есебі
2019-2020 оқу жылы
Қызылегіс негізгі мектебінде 02.09.-06.09.2019 аралығында «Денсаулық апталығы» акциясы бойынша әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, оқушыларды әр түрлі спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Апта бойы «Спортпен шұғылдан - бірінші бол!» атты таңертеңгі жаттығу ұйымдастырылып өткізілді, оған барлық оқушылар қатысты.
2-қыркүйек күні кітапханашы Жакишева Сауле Асылбековна Мектеп кітапханасында "Дені сау болу – бұл керемет" тақырыптық әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды.
5-қыркүйек күні мектеп медбикесі Серікбаева Айгерім Айтуғанқызы 5-9сынып аралығында Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша көрнекі материалдар (буклеттер, жадынамалар, ұсынымдар) дайындап және таратты. Сонымен қатар оқушылардың сыртқы түрін бағалап, кабинеттердің санитарлық жағдайын тексерді.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылар арасында «Мен дені сау болғым келеді, өйткені...» акциясын ұйымдастырды және өткізді. Акция барысында әр сынып слайд, сөзжұмбақ, ребус дайындап, сыныптар арасында өзара сайысқа түсті. Акция қызық өтті. 6-қыркүйек күні «Рухы биік, дені сау ұрпақ- болашақ бастауы» атты денсаулық фестивалі өтті.
Жоспар бойынша барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Осы өткізілген іс-шаралар арқылы оқушылар бойларына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жүректерінде тек жылулық ұялатып, жақсы азаматтар болып өседі деген ойдамыз.
Дене тәрбиесінің мұғалімі: Д.Х.Насибулин