"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестат алу салтанатты жиын «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»

14.06.2019

Тақырыбы: «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»

 

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»  атты Аттестат алу салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

-Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін таратын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға.

 

Алпысбай Дархан

Өзі сондай ұқыпты

Сыныпта ең көрікті

Қошеметтеп шақырайық

Дархандай жігітті.

Назирбек Ерназар

Бойында үлкен намыс бар

Әрқашан алға ұмтылған

Сегіз қырлы, бір сырлы

Намысшыл жігіт Ерназар. 
 

Сабур Жанар
Биікке самғау мақсаты

Алғыр,зерек,талапты

Көркем шығарма оқудан

Алдына жан салмайтын

Қошеметтеп қанекей

Қарсы алайық Жанарды.

 

 

Жүргізуші: Бүгінгі кеш - Сіздер үшін қымбатты түлектер!

Бүгінгі айтылар тілек,  ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар Сіздерге арналады.

Күннен күнге көркейіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.


Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Абилов Куанышбек Кабденұлына беріледі. Келесі құттықтау сөз оқу існің меңгерушісі Есмагамбетова Айбике Кабденқызына беріледі.

 

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
9 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 9 жылғы төккен теріңнің жемісі,
9 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Абилов Куанышбек Кабденұлына  және оқу ісінің меңгерушісі Есмагамбетова Айбике Кабденқызына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру -ән)

 

Алпысбай Дархан

Құмартатын алдағы нұр таңдарға,
Табысымен таныс болған бар маңға.
Талантымен тең келетін талғамға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Алпысбай Дарханға

 

 

Назирбек Ерназар

Өзі алған біліміне сенімді,
Әркім солай қуантса ғой елімді.
Назирбек Ерназар  қандай керемет
Екпінділердің  қатарынан көрінді

 

Сабур Жанар

Көзін тапқан білімнің де, әр істің,
Туын биік көтереді намыстың.
Мақтанышы болды түгел таныстың
Көзінде де, кеудесінде бар ұшқын
Сабур Жанарды мақтаймыз
Жүлдегері болған небір жарыстың

 

 

Жүргізуші:

Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Тоғыз жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық балдәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттерімізге сөз беріледі. (Жанар)

 

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің    ата-аналарына беріледі.

Жүргізуші:
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы ұстаздар, ата-аналар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынымыз осымен аяқталды.


 


 


 


 


 


 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыллегіс негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»

(аттестат алу салтанатты жиын)

 

 

 

 

                                                                      Өткізген: 9-сынып жетекшісі

                                                                               З.М.Вахитова

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст