Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.
Жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!
Жеңіс күні, Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы
Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.
Жүргізуші: Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
1-сынып оқушысы Насибулина Алинаның орындауында «Отан-Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
(Алдарыңызда «Шапағат» би тобының қыздары өнер көрсетеді.)
Жүргізуші:
Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса!
Ән: «Бейбіт күн тілегі» орындайтын 2-3 сынып оқушылары.
Тыныштық жаса, тыныштық
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейіп гүлден еліміз
Көбейе берсін ырыс құт
Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
Жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін! Сонымен біздің шағын концерттік бағдарлама аяқталды! Көріскенше күн жақсы, еліміз тыныш болсын! Сау болыңыздар!