"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

06.02.2019

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен  шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында 2-4 сыныптарда өткізілген сынып сағаты

04.02 күні 2- 4- сынып оқушылар аралығында  «Балаға  жүрек жылуы» атты тақырыбында  сынып сағаты өткізді. 

Сабақтың мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

 Мұғалім балаларға адамдардың жүректері мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы екенін және жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын түсіндіру мақсатында пікірталас өткізілді.

«Табиғаттағы барлық  жылу- күннен,

Өмірдегі  барлық  жылу- адамнан» - Михаил Пришвинның нақыл сөзіне сұрақ арқылы балалардың пікірін тыңдады.

- Неге табиғаттағы барлық жылу күннен?

- Неге өмірдегі барлық жылу адамнан?- дейді.

- Жақсы іс істеу дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Жүрек жылуы- біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

Мұғалім «Әлемдегі ең мейірімді жан»атты  топтастыру әдісімен сабақты аяқтады.

Просмотров: 1123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст