Тәрбие сағатының тақырыбы:
Терроризмнен сақтану жолдары
Мақсаты:
А) оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру:
Б) Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу.
Сабақтың әдісі: пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,мәтіндер
Оқытушы:
Тероризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар .топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі. Жалпы терроризм туралы тоқталып өтейік.
Кейбір анықтамалықтарда «терроризм » дегеніміз джихадты, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм»- араб тілінде «ирхаб» ,мағынасы-«қорқыту» дегенді білдіреді .Ал, терроризм сөзі \латынша terror-қорқыныш,үрей\ деген мағынада айтылады.Осы жерде террорлық қадамға кімдер барады деген заңды сұрақтар туады.Қоғамдағы сәтсіз қолайсыз отбасылар мүшелері,мансап,билік,жеке мүдені көздеушілер, компьтерлік ойындар арқылы психиканың бұзылуына тап болғандар тағы көптеген террорлық ұйымдар арбауына алданған жандар.Террористер тек қана діни ағымдағы адамдар деп ойлау кәте пікір.Террористер қатарына кез-келген жастар мен ересектер,қыздар мен әйелдер, адам өміріне қауіп төндіретін арандатушылыққа сеніп қалғандар да кездеседі.
Ендеше мына мәтінді тыңдап көрейік.
... Оның ойынан жаңа ғана орталық кафелердің бірінде болған әңгіме кетер емес. Ол жерде бейтаныс адамдар бұған ұсыныс жасаған болатын. Бұның отбасындағы қолайсыз жағдайдан да хабардар екен. Көмектескілері келетінің айтты. Әйелінің бақилық болғанына да екі жылдай уақыт өтті. Өзі жұмыста жоқ. Ішкілікке де әуестеніп кетті. Өмір сүру , жас балалар бағып, қағуда бір өзіне оңай болған жоқ. Балаларына алатын мардымсыз жәрдемақыда шайлығына жетпейді. Жетер еді-ау құрығыр, арақ пен темекіге әуестенгелі үйге қажетті азық-түлік те алуды қойды. Балалары қара шәймен бір бөлке нанды жеп жүрек жалғаған кездері қаншама?!
Осы қиындықтарды қалай жеңем деп жүргенде, мына жігіттер кездесіп тұрмысын түзейтін ақшамен қамтамасыз етеміз дейді. Тек олар бұған бір тапсырманы орындауды талап етіп отыр. Тапсырмасы да онша қиын емес. Тек бір сумканы адамдар көп жиналатын базардағы «супермаркентке» апарып қоюы керек. Оның ішінде жарылғыш зат бар екенінде жасырмайды. Еңбекақысын алдын ала береміз дейді. Бұл ұзақ ойланды. Жауабын ертең айтармын деп уәделесіп, үйіне келе жатқан беті осы. Үй жанына жақындағанда моржадан шығып жатқан түтінге таңдана қарады. Күн салқындағалы жағатын отында таусылып, кағаз, тезек, көшеден балалары теріп әкелген ағаш жаңқаларын жағып күнің көріп отырған. Мына түтін күндегі түтіннен ерекше. Күн тынық болғасынба, түтін тура шығып жатыр. Үйдің бұрышында бір тоннаның көлеміндей көмір жатыр. Ол, үйге жүгіре кірді. Үйдің ыстық лебі беті шарпиды. Бұл шынымен менің үйімбе деп жаң-жағына таңдана қарады. Балалары алдарынан жүгіріп шығып «әкелеп» құшақтап жатыр. Тұла бойынан бейне бір тоқ жүріп өткендей дір ете қалды. Соңғы рет қашан балаларының жадырап күлгені,құшағына қысқаны есінде жоқ. Не деген керемет! Балалары жапырлап бірдеңелерді айтып жатыр.
Түсінгені, бұл жоқта үйге үйге тұрмысы төмен отбасыларды қолдау орталығынан адамдар келген. Көмірді де солар әкеліпті. Азық-түлік, балаларына жылы киімдер де силаған. Мейірімді жандар туралы балалары кезекпен айтып тауыса алар емес. Тіпті отты да солар жағып кетіпті. Ең таң қаларлығы жұмысқа шақыру қағазын да тастап кетіпті. Онда толық телефон, мекенжай жазылған. Қолындағы бір жапырақ қағазға үнсіз тесіле қараған оның жанарынан бір тамшы жас жерге үзіліп түсті...
Мұғалім: Осы мәтін бойынша кімде қандай пікір бар? Ол әлгі жігіттер ұынған тапсырмадан бас тартама? Жігіттердің ұсынысын қабылдап мол қаржыны алама? Енді оның алдағы тағдыры туралы кім, не айтады?
\Осы сұрақтар төңірегінде пікірталасқа студенттер белсене араласып өз пікірлерін айтады.\
Келесі тапсырма сұрақ-жауап.
Бірінші сұрақ: Егер сізге телефон арқылы терроризм актісі туралы хабар түссе, сіздің әрекетіңіз?
І.Оқушы: Әңгімелесудің мазмұнын есте сақтап қалуға тырысамын. Қоңырау шалушының сөйлеу мәнерін, дауыс ерекшеліктерін, өзгеше сөздер мен сөз орамдарын белгілеп аламын. Дыбыстық фонды аңғаруға тырысамын.
ІІ. : Мен мүмкіндігінше әңгімелесуді таспаға жазып алуға тырысамын. Тұтқаны қоймай тұрып, телефон номерін жазып аламын. Бұл туралы тез арада мекеменің қауіпсіздік қызметін және құқық қорғау органдарына хабар беремін.
Мұғалім:: Міне, біз телефон арқылы террористік акті болған кезде не істеу керек екенің білдік.
Екінші сұрақ. Егер жарылғыш құрылғылар және олардың белгілері туралы білген кезде не істеуіміз керек соған тоқталайық.
І.оқушы: Жарылғыш заттардың белгілері төмендегіше болып табылады. 1. Антенна
2. Сағат дыбысы. 3.сымдар . 4. Батериялар .
Ал, сезікті заттарға иесіз портфельдер, шабадандар, сөмкелер, түйіншектер,қаптар, шәшіктер, қораптар, иесіз көліктер жатады.
ІІ оқушы: Мен, жарылғыш заттың жанында ұялы телефонды, радиостанцияны қолдануға тиым салынғанын, затты қолмен ұстауға, жылжытуға, ашуға болмайтынын, мүмкіндігінше затқа тиіспей, полиция қызметкерлерін келуін күту керектігін, жарылғыш заттарды тек құқық қорғау орындарының қызметкерлері ғана жүзеге асыратынын білемін.
Мұғалім: Екі сұрақтың жауабы қанағаттанарлық.
Келесі сұрақ: Егер сізді қылмыскер кепілге алса сіздің іс-әрекетіңіз.
Оқушы: қарсылық білдірмей барлық талаптарын орындаймын, қашуға әрекет жасамаймын, террористер туралы: олардың саны, қарулары, дене бітімдері, мінез-құлқы, акценті, сөйлеу мәнері секілді тағы да басқа белгілерін есте сақтауға тырысамын.
\ Террорлық іс-әрекеттер туралы бейнефильмдер. Оқушы өз пікірлерін ортаға салады.\
М: Біз бүгін террорлық іс-әрекеттер туралы көптеген маңызды жаднамаларды үйрендік. Бұл әрбір оқушы үшін маңызды деп ойлаймын. Сіздер арқылы сіздердің ата-аналарыңыз, достарыныз, аға-іні, апа-қарындастарыңыз хабардар болады деп сенемін!
Қорытынды.
Оқушылар Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жаднама таратылып беріледі.
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда
халыққа арналған жаднама
Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері:
1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);
3) жертөле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;
4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;
5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:
Ұстауға өздігімен әрекет жасамау;
Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.
Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға
арналған жаднама
Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.
Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:
1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;
2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;
3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).
Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
қоғамдық көлікте:
- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.
үйіңіздің кіре берісінде:
- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 110, 112).
3) көшеде, саябақта және т. б.:
- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 110, 112);
- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.
4) мекемелерде, ұйымдарда:
- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.
Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;
- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
- табылған заңсыз затты пайдалануға;
- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;