"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кітап – ең сабырлы ұстазым"

15.03.2021

Мақсаты мен міндеттері:

-         оқушылардың сөз байлығын молайту.

-         оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету;

-         білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу;

-         оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Сайыс  кезеңдері:

1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

2 кезең. «Кім тез?» әр түрлі сұрақтар қойылады.

3 кезең. Жұмбақ шешу.

4 кезең. Ұлылардың кітап жайлы айтқаны

Кітап – ең сабырлы ұстаз


Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. 
Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді. 
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. 
Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. 
Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдерден арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады. 
Кітап – ең сабырлы ұстаз.
Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.
Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!

Нұрсұлтан Назарбаев 
Қазақстан Республикасының Президенті

 

 

*  Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр-сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір жолдың ордасы – кітапхана.

Кітапхана сабағы ойын түрінде өтеді. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны  болады.

ІІ. Топтарды таныстыру.

1 топ - «Тапқырлар» тобының ұраны:

« Талап қыл артық білуге, Артық білім ғылымда».                     Абай.

2 топ - «Білгірлер» тобының ұраны:

«Оқу –білім қазығы,  Адамның азығы.

 Оқу өмірдің сәні. Тіршіліктің шамы».                                        С.Сейфуллин.

1 кезең. «Кітапхана,кітап тақырыбына» сұрақ-жауап.

1.Таусылмас байлық, сарқылмас қазына (кітап).

2. Кітап үйі -... (кітапхана).

3. Кітап құрылысы (кітап сырты, мұқабасы, титулдық бет, форзац)

4. Титулдық бетінде қандай мәліметтер бар? (авторы, аты, баспаның аты, шыққан жылы).

5. Аннотация деген не? (кітап туралы қысқаша мәлімет).

6. Кітап қалай пайдалану керек? (сызбау, тыстау, суға тигізбеу.)

7. Кітаптан қандай көмек көресіздер? (қажет мәлімет,сөз байлығын молайту,өз білімін толықтыру).

8. Кітаптан нені оқуға болады? (тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, ертегі, әңгімелер, роман, эппопея т.б).

9. Энциклопедия дегеніміз не? (қажет сұрақтарға жауап табуға болады).

10. Кітапханамызда қандай әдебиеттері бар? (оқулықтар, сөздіктер, ертегілер, журналдар, газеттер, энциклопедиялар, көркем әдебиеттер, анықтамалар).

* Кітап — қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды, бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы демекші.

2 кезең. «Кім тез?» әр түрлі сұрақтар қойылады.

Тез тапқандарға және толық жауап бергендерге 1 ұпайдан қойылады.

1. Қазақстанның алғаш президенті кім?

2.Қазақстан ғарышкерлер есімі?

3. Ұлы отан соғысының батыр қыздарымыздың аты – жөні?

4. 22-Наурыз қандай мереке толық жауап?

5. Желтоқсан көтерілісінің құрбандарының аты – жөні?

6. Қандай ертегінің кейіпкері атасы мен атасынан қашып кетеді?

7. «8-Наурыз» қандай мереке?

8. «Менің атым Қожа» кім авторы?

9. Балаларға арналған қандай журналдар бар?

10. 2015ж. Ұлы Отан соғысына неше жыл? 

3 кезең.Жұмбақ шешу

Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)

Бойлаған сайын тереңге
Шығасың биік белеңге (білім)

Білімнен мол сый асы, 
Балардың ұясы (мектеп)

Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалімі)

Ұсынған қойнынан,Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,Досың ғой білесің.( Кітап) 

Бірінші әрпі-көзде бар,мұрында жоқ,

Екінші әрпі- тісте бар,бұрымда жоқ.

Үшінші әрпі-бетте бар,білекте жоқ,

Төртінші әрпі-құлақта бар,жүректе жоқ.

Бесіншісі- «П»әрпі ақырғысы

Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. Кітап

Бірқойымбар,қаныжоқ.

Қанатының саны жоқ.

Адаммененсөйлесер,

Ақылы бар, жаныжоқ.

Тілі бар да үніжоқ.

Өзінадамтүсінген,

Жүрегі бар қаныжоқ.

Сөйлейтуғанішінен.  Кітап

Сөзі дана, 
Үні жоқ. 
Сөйлемейді, 
Тілі жоқ. 
Қолыңа алсаң – шешен, 
Ақылы асқан көсем.   (Кітап) 
Аяғы біреу, қолы жоқ, 
Шиыр-шиыр жолы көп. 
Өзі сөйлей білмейді. 
Салған ізі сөйлейді. (Қарындаш) 

Аппақ дала қара дән,

Дәнін сепкен - түсінуге жараған.  (Әріптер )

Қобдиында қайырлы,

Қазынаның бәрі бар.

Тауыссаң көз майыңды,

Қалағаның табылар.( Кітап)

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.( Кітап) 

4 кезең. Ұлылардың кітап жайлы айтқаны


Артық ғылым кітапта, 
Ерінбей оқып көруге.

Абай ҚҰНАНБАЕВ

Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

Мұхтар ӘУЕЗОВ

Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Серке ҚОЖАМҚҰЛОВ

Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.

Ф. БЭКОН

Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады.

Л. И. ГЕРЦЕН

Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.

М. АЙБЕК

Жақсы кітап – жақсы қоғам тәрізді. Сен қандай кітаптарды оқығанынды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін.

Н. И. ПИРОГОВ

Кітап – асып-таспайтын асыл досымыз.

В. ГЮГО

Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Л. Н. ТОЛСТОЙ

Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар - ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарынды ала біліңдер.

Л. Н. ТОЛСТОЙ

Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлер мен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.

Р. ДЕКАРТ

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.

Д. ДИДРО

Кітап – құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді.

В. А. СУХОМЛИНСКИЙ

Кітап оқымай, ой қызметін нәтижесіз өткізген құн – бекерге өмір сүрген күн.

В. А. СУХОМЛИНСКИЙ

Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап. Өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы.

В. А. СУХОМЛИНСКИЙ

Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген семьялардан өсіп шығады.

В. А. СУХОМЛИНСКИЙ

Кітап өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді.

А. ДОДЭ

Кітап оқу – міне, үйренудің ең жақсы түрі.

А. С. ПУШКИН

Кітаптар... – тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде, тәрбие жоспарына енуге тиіс.

В. Г. БЕЛИНСКИЙ

Кітап – ақылды қуаттаңдыратын құрал.

А. Я. КОМЕНСКИЙ

...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.

СЕНЕКА

Кітап – әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

М. ГОРЬКИЙ

Қолына жақсы кітап түсірген адамның жалғызсырауы мүмкін емес.

К. ГОЛЬДОНИ

Табиғаттағы барша кітапты басынан аяғына дейін ешкімнің де түгел оқуы мүмкін емес. Болмыстың мақсаты: оны мүмкіндігінше ұзағырақ ұмытпау.

К. Э. ЦИОЛКОВСКИЙ

Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек. Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанмен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді.

М. ВОЛЬТЕР

Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досынды тағы да кездестіргенмен бірдей.

М. ВОЛЬТЕР

Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз – тіршілікте болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.

Ш. МОНТЕСКЬЕ

 

* Осымен бүгінгі біздің «Кітап – ең сабырлы ұстазым» атты  сабағымыз аяқталды.

 

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст