"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдау тренингi

Ең  мамандық — адам боп қалу.

Хосе Хулиан Марти

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, өмірдегі қажетті таңдауды дұрыс жасауына кеңес беру.
Білімділік: Оқушыларға «мамандық», «кәсіпкер», «маман иесі» ұғымдары жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларда бір-біріне, өз мамандығына адал болуына тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: тренинг, бағыт-бағдар.
Пән аралық байланыс: психология, мәдениеттану, әлеуметтану, қарым-қатынас психологиясы, кәсіби педагогика.
Көрнекі құрал-жабдықтар: слайд, видеобейне, дәйексөз.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Энергетикалық жаттығу.
Оқушылар дөңгеленіп отырып, 1-2 деген нөмерлерге саналады. 1 нөмерлі оқушылар қолдарын екі жақтағы 1 нөмерлі көршісінің қолдарымен түйістіреді. Ал 2 нөмерлі оқушылар 1-2 деген сандарды жүргізу айтқанда, алдында тұрған екі оқушының қолына пианиноны ұрғандай етіп әрекет жасайды, 3-4 деген бұйрық болғанда барлық оқушылар шапалақ ұрады, келесі 1-2 деген санға 2 нөмерлілер қолдарын жаяды, ал 1 нөмерлілер пианиноны ұрғандай әрекет жасайды. 3-4 дегенде барлығы шапалақ ұрады. Осы жаттығу тағы бір рет қайталанады.

ІІ. Негізгі бөлім.
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар» деп аталады. Сабағымыз екі бөлімнен тұрады. І бөлімінде мамандықтар туралы білімімізді ортаға саламыз. Біз «Мамандыққа жол» атты курста әр түрлі мамандықтарға тоқталдық, өздеріңізге ұнаған мамандықтарыңыздың профессиограммасын жасап, оны топ алдында қорғадыңыздар. Осы сабақта сол профессиограммалармен және Е. А. Климовтың сызбасы бойынша жұмыс істейміз. ІІ бөлімінде өздеріңіздің жақындарыңыздың, ата-аналарыңыздың мамандық таңдауда қандай факторлардың әсер ететінін анықтаймыз.

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде мына өлең жолдарын алайық:
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Психолог: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Сонымен «Ми шабуылы» — ой қозғауы бастайық: Жалпы сұрақ 3 минут
Мамандық дегеніміз не?
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Мамандық қасиеттері» тренингі (5 минут)
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.
Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Слайд көрсету: «Интуицияны дамытудың 6 тәсілі», оқушылардың ұбт барысында қажет болар интуицияны дамытудың тәсілдері ұсынылып қысқаша ұғым берілді.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА МЫНАДАЙ БІР ФОРМУЛА БАР:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ –бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Ал сіздер мамандық таңдауда қандай критерийлерді басшылыққа алған жөн деп есептейсіздер?
Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?

Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем бейне.
Видеобейнелер көрсету: Назарбаев университеті, Сүлеймен Демирел университеті, Л.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университеті, МЭҚҚИ (КИМЭП), ҚазҰУ.

«Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік.
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
— Ең жасыл мамандық
— Ең тәтті мамандық
— Нағыз ақшалы мамандық
— Нағыз бала мамандығы
— Ең күлкілі мамандық
— Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
— Ең ауыр мамандық

Қорытындылау.

Психолог:
— Мамандық таңдауда қандай факторлардың әсер ететінін байқадық. Сонымен қатар, бүгінгі сабағымызда мамандық таңдау жолының бір адамдарда оңайлықпен өтетінін, екінші адамдарда оның қиын, тіпті бірнеше сатылардан тұратынын, біреулердің өмірден орын таба алмай күйзелген жағдайларын да білдік. Мамандық таңдау жасындағы жастарға көптеген жалған пікірлер әсер етеді. Ол пікірлер жастарды мамандық таңдауда сәтсіздіктерге әкеледі. Сондықтан да:
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!- демекпін.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз.

Жаңартылған күні: 15.05.2020 23:48
Құрылған күні: 15.05.2020 23:48

Текст