"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» топтың атқарған жұмысы туралы мәлімет 2019-2020 оқу жылы

 «Адал ұрпақ»  топтың

атқарған жұмысы туралы мәлімет

2019-2020  оқу  жылы

 Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қызылегіс  негізгі мектебіне  «Адал ұрпақ» тобының жетекшісін сайлап, мүшелерін топ қатарына қосты. 8 сынып  оқушылары  «Адал ұрпақ» тобына мүшелікке тағайындалды.

Жоспарға сәйкес «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының топ мүшелері 1-9 сыныптар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізіп, мәліметтік мәні бар азамат және мемлекет арасындағы қарым – қатынастардың мәні, құқықтар мен міндеттер жайлы парақшалар таратылды. Мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы көрмесі ұйымдастырылып, оған бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды.

Мектеп оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік жұмыстармен көзге түскен 6 сынып оқушылары Мынжасаров Т. 5 сынып Сайранбек Айдана  марапатталды.

 

«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп тәрбие  ісінің  меңгерушісі Мукашева Б.М. мектеп ұжымы назарына Мемлекеттік қызмет- елдің мүддесіне адал еңбек атты баяндамасын оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Адал ұрпақ»  топтың

атқарған жұмысы туралы мәлімет

2017-2018  оқу  жылы

Мектеп ішінде «Адал ұрпақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын, бойында рухани –адамгершілігі, патриоттық сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатында жұмыс жүріп  жатыр.  Жоғарғы сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен бопсалауды  болдырмаудың алдын алу» тақырыбында әңгіме сағаты өтіп, оқушыларға заңның қаншалықты адам өміріне қажеттігі барлығын, адами қасиеттерден ада болмау керектігін айта отырып, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке шақырып, өмірден дәлелдер келтіріп , ақпарат бере отырып, әңгімелестік. Екінші бір істелген жұмыс «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздедік,  сауалнама алдық.  Оқушылар алдында сынып жетекшілер осы жайлы ақпарат бере отырып, бала ойы тыңдалды. Олар алып келген ақпараттар ортаға  салынды. 5-8 сынып оқушылар  арасында «Мемлекеттік  қызметті  алу  туралы»  іскер  ойын өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аға  тәлімгер:  с.А.Жакишева

Жаңартылған күні: 24.01.2020 10:45
Құрылған күні: 24.01.2020 10:45

Текст