Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы қандай ?
Максаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.
Балалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Мұғалім:Әр ата-ана баласының мамандығы жайында білуі керек. Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кезде ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің біреуі. Осы арада мамандық таңдауға ықпал ететін негізгі 7 факторы ескере кеткен жөн.
Икемділік.
Икемділік дегеніміз – ол адамның қоршаған ортада өзін-өзі асқан ептілікпен жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы; адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі.
Мағлұматтылық
Мағлұматтылық дегеніміз – ол адамның өзі таңдаған және жан-жақты білімді болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі.
Тартылу деңгейі.
Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.
Мүмкіншілік.
Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жаңалықтар және бұрын соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.
Ата-аналардың көзқарасы.
Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
Құрдастарының көзқарастары
Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне орасан зор пайда әкелетіндігіне көз жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.
Нарық қажеттілігі.
Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің өз еркінде . Бірақ тағдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмаслып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне қажетті саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сұру үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті азамат болу.
Пікірталас сүрақтары:
Оқушының болашақ мамандық тандауға деген қарым-қатынасына талдау жасау.
Мамандық таңдаудағы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеті.
Мамандық тандаудағы жанұяның әсері.
Құрметті ата- аналар! Мамандық таңдауда мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:
Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
Таңдаған мамандықты зерттеу;
Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға төмендігі жадынама ұсынғым келеді.
Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
Баланың өзі таңдаған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар моральдық сезімдерді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыру;
Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;
Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;
Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.
Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.
Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата-аналарға арналған жадынама.
Мамандық тандау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болады.
Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.
Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.
Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.
Егер мамандық тандау барысында қарамақайшылықтуыңдап жатса, кеңесші амандармен ақылдасыңыз.
Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермсңіз, әйтпесе бұл жан жалға әкеп соқтыруы мүмкін.
Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады..
Егер балаңыз қандай да бір мамандыққаертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.
Ата-аналарға анкеталық сұрак:
Жанұяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба?
Балаңыздың мамандық таңдаудағы көзқарасына қосыласыз ба?
Оның мамандық тандаудағы қызығушылығын ескеру керек деп ойлайсыз ба?
Болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыз?
Оқу бітірген соң, оқуын жалғастыра ма, әлде жүмыс істсй ме?
Балаңыздың мүмкіндігі мсн қабілетін қарайсыз ба?
Мамандық таңдау кезінде кеңесші маманның жәнс психологтың қатысуына қалай қарайсыз?
Балаңыз қай саладағы мамандық туралы көп айтпайды?
Осы мәселені шешуде сынып тәрбиешінің қандай көмегі керек?
Осы мәселені қай сыныптан бастап көтеру керек деп ойлайсыз?
Қорытынды
Ең бастысы мамандық таңдау — баланың өз мамандығына деген қарым-қатынасы мен өз ісіне дсген сүйіспеншіліктен туындамақ. Болашақ мамандық тандау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңгы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойнына алады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін ата- аналар өздерінің ақыл-кеңестерін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.