Қамқорлық- көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қамқорлық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Хаттама №1 31.08.2019 ж
Жиналыс мақсаты: Қамқоршылық кеңесінің мақсаты, бағыттары, функцияларымен таныстыру.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің 9-мүшесі
Шақырылғандар: Мектеп басшысы :Абилов К.К.
Педагог-психолог :Кожмагамбетова Ж.Т.
Күн тәртібінде:
1.2018-2019 оқу жылының негізгі қорытындысы.
2.5 күндік оқу күніне көшу туралы
3. «Мектепке жол акциясы»
4. Мектебіміздегі оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы
Тыңдалды:Тәрбие ісінің меңгерушісі Мукашева Б.М. қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық - техникалық базасының нығайуына септесу, сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты. Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту,осы тұста күн тәртібіндегі «Мектепке жол» акциясының бірінші айының соңы да болып қалғанын айтып, оқушыларға қайырымдылық көрсететін демеушілер қарастыру керектігін айтты. Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.
Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес төрағасы К.Б.Кожахметов ауызша 2018-2019 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарының қаншалықты іске асырылғанына қорытынды жасады.
Сөйледі: Мектеп директоры К.К.Абилов Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған білім беру бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталды, айтарлықтай мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесіне қатысты ата-аналардың көптеген сауалдары бар. ҚР БҒМ 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме берді.
5 күндік оқу аптасына келер болсақ, оның енгізілуі үшін министрлік тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Бұл тұста ерекше атап өтер жайт - оқу жылының ұзақтығы өзгермей, үйреншікті тәртіп сақталып отыр. Оқу жылы еш өзгеріссіз, қыркүйекте басталып, әдеттегідей 25 мамыр күні аяқталмақ. Зеренді аудандық «Білімм бөлімінің » «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығы осы айдың 19-жұлдызында шықты. Онда оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда - 34 оқу аптасы деп белгіленгенін және тағы басқа ерекшеліктеріне тоқталды.
Шығып сөйледі:Вахитова З.М. (ата-аналар комитетінің төрайымы) қамқоршылық кеңес мүшелерінің тығыз байланыста болу керек екендігін, білім беру ұйымындағы жүргізіліп жатқан іс – шараларға қатысу, қолдау көрсету керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселеге тәрбие ісінің меңгерушісі Мукашева Б.М. мектебіміздегі оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы мәлімдеді. Тегін ыстық тамақпен әлеуметтік –мекенжай көмек алатын отбасылардың балалары тамақтанатынын естеріне салды. Бұл 3 отбасының 5 баласы,қазіргі таңда ата-аналар керекті құжаттарды аудандық білім бөліміне тапсыруға жинақтау үстінде екенінін айтты.
Шешім :
1.2018-2019 оқу жылынында атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелінсін
2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру, қайрымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылсын.
3. «Мектепке жол» акциясы кезінде демеушіліктерді тартып, қайырымдылық көрсету.
Хатшы: Мукашева Б.М.
Хаттама №1 11.10.2017ж
Жиналыс мақсаты: Қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау,қамқоршылық кеңесінің мақсаты,бағыттары,функцияларымен таныстыру.
Қатысқандар : Қамқоршылық кеңесінің 9-мүшесі
Мектеп басшысы :Сарсенгалиев С.С
Әлеуметтік педагог :Сактапова Рысжан
ТЖО- Улжабаева Жанар
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау.
2.Қамқоршылық кеңесінің мақсаты,бағыттары,функцияларымен таныстыру.
Тыңдалды:ТЖО Улжабаева Жанар қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы таныстырып өтті.) қамқоршылық кеңестің мақсаты:білім беру ұйымына қолдау көрсету,қаржылық қолдауды қамсыздандыруда ,материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу,сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты .Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті.Қамқоршылық кеңесінің бағыттары:білім беру ,әлеуметтік-мәдени ,сауықтыру ,дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету.Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту.Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.
Тыңдалды:Әлеуметтік педагог Сактапова Рысжан шығып сөйлеп,жалпы ата-аналар жиналысында қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайланған болатын, Кеңес құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау өкілдері,комерциялық емес ұйымдардың өкілдері ,ата-аналар комитеті ұсынған әр сынып ата-аналары,қайырымдылық жасаушы (спонсорлар)бар екендігін оның құрамы қалалық білім бөлімінің басшысымен бекітілгенін айтып өтті..Бүгінгі жиналыстың мақсаты қамқоршылық кеңестің төрағасын,хатшысын сайлау керектігін айтты.
Шығып сөйледі :Нуримов Әбдірахман (ата-аналар комитетінің төрағасы)қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау үшін мектептен үнемі тығыз байланыс жасайтын,жауапкершілігі бар,бос уақыты бар кісі керек екендігі айтылды.
Шығып сөйледі :Қосанов Мырзағұл(мектеп инспекторы) жеке кәсіпкер Сәулебай Жұлдыздың үнемі мектеппен байланыс жасап тұратындығын айтып,төрайымы болып сайлауына ұсыныс жасады.
Шығып сөйледі:мектеп басшысы Сарсенгалиев С.С кеңес құрамының жұмысын бастауына сәттілік тілей отырып ,осы мүшелердің мектеппен үнемі тығыз байланыста болуына,спонсрлардың мектептің материалдық базасының нығайуына өз үлестерінін қосатынына сенім білдірді.
Шешім :
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Сәулебай Жұлдыз сайлансын.
2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,қайрымдылық жұмысстарын жүргізу алға қойылсын .
3.Мектептің материалдық базасының нығайуына үлес қосу,оның қызметіне бақылау жүргізу қамқорлық кеңесінің мүшелеріне жүктелсін .
Хатшы Абдырова М