Текст
Мамандық таңдауға кіріскен болашақ түлектерге қандай кеңес беруге болады?Мамандық таңдау және өмірдегі өз жолын анықтау оңай нәрсе емес. Осы бағытта адамның қателесуі қымбатқа түсу мүмкін. Болашақ мамандығын дұрыс таңдамаған адам, кейін оқуына да, жұмысына да немқұрайлықпен қарау мүмкіндігі жоғары. ... - Ата-аналар баласын белгілі бір мамандыққа түсуін қалайды, жоғары оқу орнына түсуін жеңілдеткісі келеді. Мұндай жағдайда ата-ананың кеңесіне жүгіну керек пе, әлде өзі таңдаған бағытқа қарай жүру керек пе? Мүмкін оқушы өз таңдауында қателесетін шығар? - Өз тағдырына деген жауапкершілік 17-18 жаста басталады. Алайда жасөспірімдер әлі де ата-аналарға тәуелді болады.