Мақсаты: оқушыларға эмоция мен сезім-адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсерні туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.
«Эмоция» жаттығуы.
Шаршадым «УҺ!» дедім.
Ренжідім «ТУҺ!» дедім.
Қорықтым «ОЙ!» дедім
Өкіндім «АҺ!» дедім.
Шарасыз «ЕҺ!» дедім.
Таңырқап «О!» дедім.
Кейідім «И!» дедім.
Біліп ап «Е!» дедім.
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.
Оқушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген екі досыңызды немесе сыныптасыңызды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай амандасар едіңіз?
Суретте - гномдар бейнеленген. Суреттегі көңіл күйіне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгіленіз. Өз есіміңді жасып, өзіңе ұнағн гномды дөңгелектеп сыз.