"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасымен бірге оқимыз"

17.02.2021

Қазіргі кезде барлық жанұя отбасы болып бір кітапты оқи ма?  Қазір үлкендердің барлығы өз қамдары мен мәселерінен босамағандықтан, отбасылық оқу деген түсінік біз үшін тіпті жат болып кетті. Әрине бұрын  теледидар, компьютерлер болмайтын, кешке адамдар бос болатын және кітаптардың аздығынан ба, бір кітапты отбасы болып барлығы бірге дауыстап оқитын. Ал қазір болса барлығы өз істерімен айналысады, біреуі теледидар қарап, екіншісі компьютерде ойын ойнайды да, отбасымен кітап оқуға уақыт емес ниет  жеткіліксіз болып кетті.

Мүмкін отбасымен кітап оқудың қажеті жоқ шығар? Әркім өзіне ұнаған кітапты оқысын. Естеріңізде болса, кітап оқуды үйренгенде көп ата-аналар қуанып, бала анасынан кітап оқып беруді сұраса, сен енді өзің оқи аласың ғой деп жауап беретін. Сондықтан да бала кітапты бөлмесінде өзі оқитын.

Алайда ата-аналар баланың ұзақ және мәнерлеп оқи алмайтынын жиі ұмытады. Сол себепті ол оқыған мәтіннің бір бөлігін ғана түсінеді. Ең бастысы, ол кітап оқығаннан еш  ляззат алмайды,  таныс емес көп сөздерден тез шаршайды да, кейін ол кітапты қолына алғысы да келмейді. Содан соң ата-аналар неліктен бала кітап оқығанды ұнатпайды деп алаңдай бастайды, кейін баланы кітап оқуға мәжбүрлейді. Ондай жағдайда бала мүлде кітап оқығанды жек көріп кетеді.

Егер уақытыңыздың күніне 20-30 минутын баламен кітап оқып, оның кітап оқуға деген қызығушылығын оятуды дағдыландырсақ, осындай жағдайдың алдын алуға болушы еді.  Баламен кітапты бірге оқуға міндетті түрде ата-анасы емес,  үйдегі үлкендердің ішінен біреуі болса жеткілікті еді.

Бала өздігінен оқи алатын болса, не үшін онымен бірге оқу қажет деген сұрақ туындауы мүмкін.

Өздігінен оқуды бала ерте ме, кешпе үйренеді. Оны оларға мектепте де үйретеді, бірақ оқудан ляззат алуды үйренбеуі мүмкін. Әр жасаған істен лязат алуды үйрену үшін, ол іс балаға қызықты болу керек.  Ал кітап оқу балаға әсіресе, бас кезінде қиынға соғады. Балаға оқудың қызықты болуы үлкендерге байланысты.

Сондай-ақ, бала кітапты оқу барысында оның мағынасын толық және уақытында түсінбеуі мүмкін. Сондықтан да ол оның бар мәнін дұрыс ұқпайды, оқығаннан жалығып, тез шаршайды. Кітап оған түсініксіз болады немесе оқығанды мүлде басқаша түсінеді. Содан кейін ол кітапты тағы да қызыға қолына ала ма?

Неліктен ертеде барлық үлкен адамдар, апалар, аталар бос уақыттарында кітап оқыды? Себебі балалық шақтарында кітапты үлкендермен бірге оқығаннан болар. Өйткені ол кезде барлық отбасыларда кітапты жанұямен бірге оқуға уақыт бөлінетін. Мүмкін бізге де балалармен бірге, отбасымен кітап оқуды дәстүрге айналдыруымыз керек шығар?

Отбасылық оқу сізге және балаңызға не береді? Соны ойлап көрейікші.

• балаңызға байқатпай және мәжбүрлемей, оның кітап оқуға деген қызығушылығын оятасыз. Балалар үлкендердің кітап оқитынын, оны бір-біріне және балаларға айтып  түсіндіруін жиі көреді. Ал балалар болса, көп жағдайда үлкендердің не айтатынын емес, не жасайтынын еске сақтайды.

• сіз балаңызға кітапты қалай дұрыс оқу керек екенін, оқу мәдениеті үлгісін үйретесіз.

• сіз балаңызға оқылған мәтіннің мағынасын оған мәтін бөліктерінен сұрақ қоя отыра түсінуін жеңілдетесіз.  Түсініксіз сөздер мен ұғымдар мағынасын ашып бересіз. Күлкілі оқиғаларға назарын аударасыз.

• балаға оқылған кітаптың жасырын мағынасынан оқиғаны дұрыс түсінуіне қажетті бағдар бересіз.

• балаға мәтіндегі әрбір ұсақ-түйекке көңіл бөліп, себепті-іздеу байланысын құрастырасыз. Жаңа сөздер мен ұғымдарды түсіндіре келе оның сөйлеу мәнерін дамытып, ой-өрісін кеңейтесіз.

• кітапты оқу және оны талқылау барысында пайда болатын баланың арман-тілегін және қызығушылықтарын білетін боласыз.

• осы сәттерде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы тірек болатын араларыңыздағы достық байланыс күшейеді.

• сіздің балаңыз оқуды үйренеді, оқу техникасы дамиды, оқуға деген махаббат пайда болады. Бұл баланың кітапты ата-анасымен бірге оқуының арқасында.

Осының бәрі балаңызбен бірге кітап оқуға уақытыңыздың күніне не бары 20-30 минутын арнап, отбасылық оқуды дәстүрге айналдырғанның арқасында.

Ал сіз отбасылық оқу туралы не ойлайсыз? Бұл дәстүр отбасына қажет пе?  Сіздің де пікіріңізді білу біз үшін маңызды.

Ата-анаға кеңес

  1. Балаңызға жиі дауыстап оқыңыз. Балаңыз дауыстап оқи бастаса да, сіз дауыстап оқуыңызды тоқтатпаңыз. Есіңізде болсын, мектеп жасына дейінгі балалар үшін кітап оқу – бұл ата-аналармен қарым-қатынас болып табылады. Баламен кезек-кезек оқыңыздар. Үй шаруасымен қолыңыз бос болмаса балаңыздан кітап оқып беруін сұраңыз.
  2. Балаңызға кітап сыйлаңыз. Кітапты қастерлеп ұстауға үйретіңіз.
  3. Жеке кітапханаңызға балаға түсінікті және қызықты, мазмұнды, жасына сай кітаптар таңдаңыз. Қолда бар кітаптарды оқып болмайынша жаңа кітап алуға асықпаңыз.
  4. Бірігіп оқуға қажетті кітапты жеке кітапханаңыздан баланың өзі таңдасын. Оқылғанды бірігіп талқылаңыз.
  5. Теледидар, компьютер және кітап үшеуінің біреуін таңдау керек болса, міндетті түрде кітапты таңдаңыз.
  6. Кітапты оқи отырып ойынға ұластырыңыз. Баламен бірігіп ертегі құрастырыңыз, мазмұнына қарай суретті кітапша жасаңыз.
  7. Егер балаңызды кітап оқуы әлі де дұрыс болмай тұрса сіз уайымдамаңыз. Оқыған уақытта әрбір кезең сайын баланы мақтап отырыңыз.
  8. Баланың оқу деңгейін оның құрдастарының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Оның жеке қабілеті мен мүмкіндігіне қарай үйретіңіз.
  9. Балаңызға үлгі көрсетіп, өзіңіз оқыңыз.
  10. Егер сіз кітап оқуды ұнатсаңыз, бір күні сіздің балаңыз да ӨЗІ қолына кітап алуы мүмкін.

Кітапты қалай оқу керек?

  1. Дауыстап дұрыс оқы, әр буынға, әр сөзге назар аударып отыр.
  2. Дауыстап мәнерлі түрде оқы, дұрыс ырғақты ұста,дауыстың жоғары-төменді қалпы мен күшін ауыстырып отыр, интонацияны тыныс белгілерімен үйлестіре біл, кідірістер жаса.
  3. Дауыстап жүгірте оқы, бірінші буынды айтқанда, екінші буынға қара.
  4. Ішіңнен тиісті жылдамдықта (дауыстап оқығаннан гөрі жылдамырақ ) дұрыс, түсініп оқы.
  5. Оқуға жеңіл тұстарын жылдамдатып оқы.
  6. Кідірістеуге мәжбүр болатын әрі түсінуге қиын тұстарды жаймен және бірнеше рет қайталап оқы

Ата-ана, балаңызбен бірге:

  1. Жаңа кітаппен танысар алдында оның мұқабасына қараңыздар, авторының фамилиясын, кітаптың атын оқыңыздар.
  2. Кітапты парақтай отырып, иллюстрацияларын мұқият қарап шығыңыздар.
  3. Иллюстрациялар бойынша кітаптың болжамды мазмұнын анықтаңыздар.
  4. Кітапты беттері, тараулары бойынша ретімен оқыңыздар.

Ата-анаға кеңес:

  1. Баламен бірге күніне 10-15 минуттан дауыстап оқыңыз.
  2. Мәтін оқудан бұрын бөлмені желдетіп, үстел үстінен назар аудартатын артық-ауыс заттарды алып тастаңыз.
  3. Егер бала шаршаса, денешынықтыру минутын жасатыңыз.
  4. Баланы оқығаны үшін мақтап қойыңыз.

Кітапты оқып болған соң:

  1. Кітаптағы қиын не таныс емес сөздердің мәнін анықтап түсіндіріңіз.
  2. Баладан кітап несімен ұнағанын, одан нендей жаңа нәрселерді білгенін сұраңыз.
  3. Баладан басты кейіпкер туралы, кітапта өрістейтін оқиғалар туралы сұраңыз .
  4. Оның есінде қандай сөздер немесе сөз тіркестері қалған екен?
  5. Бұл кітап не нәрсеге үйретеді?
  6. Бала кітаптың ең қызық жерін бейнелейтін сурет салу туралы немесе оны жаттап алу жөнінде ұсыныс жасаңыз.

 

Просмотров: 1667


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст